Ссылки доступа

Түркия ТМД елдерімен виза тәртібін енгізеді


Түркия биыл жазда 89 елмен, оның ішінде ТМД республикаларымен виза тәртібін орнатады.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігіне сүйене отырып Түркия БАҚ-тары хабарлады. 2016жылдың маусымынан бастап, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Ресеймен виза ережесі орнайды.

Түркия СІМ өкілі «Биылғы күзде Түркия Еуропалық одақпен визасыз тәртіпке көшеді, Еуроодақтың бір талабы бұл ұйыммен осындай келісімі жоқ елдермен арадағы визасыз тәртіпті алып тастау болатын. Мәселен Еуропа одағымен осындай келісімге ие Грузия, Молдова және Украинаға қатысты Түркия мұндай шешім қабылдамауы да мүмкін», – деді.

Бұған дейін, Түркия шетелдік туристерді көбірек тарту мақсатында әлемнің көптеген елімен визасыз тәртіп орнатқан еді.

XS
SM
MD
LG