Ссылки доступа

Путин Қырым, ССРО-ның құлауы және Ресей экономикасы жайында айтты


Ресей Қырымда халықаралық заңды бұзған жоқ деп сұхбат берді президент Владимир Путин Bild неміс басылымына.

Ресей лидерінің сөзінше, БҰҰ-ның Жарғысы бойынша, әрбір халық өздерінің таңдауларына құқығы бар, ал ресейлік әскер тек ғана «халықтың таңдау еркіндігіне» нұқсан келмес үшін араласты. Халықаралық заңдарға сәйкес, Ресей 2014 жылдың көктемінде Қырымды аннексиялағаннан кейін түбек «басып алынған аймақ» болып саналады.

Ресей президенті сұхбатында НАТО-ның шығыс аймақта кеңейуін сынға алды, ал Батыс Таяу Шығыстың саясатына кедергі жасамағанда, Еуропадағы миграциялық дағдарыс кең етек алмас еді деді.

Путин сонымен бірге ССРО құлағаннан кейін, өзінің ұлттық қызығушылығын жарияламады деген Ресейдің қателігін атап өтті. ССРО құлағаннан кейін, көпшілігі жоғалған «екінші күштің орталығын» пайдалануға тырысты деп мәлімдеді Путин.

Батыстың Ресей экономикасына қойған санкциясына байланысты сұраққа Путин ресейлік дәстүрлі экспорт тауарларының бағасының төмендеуіне әкеледі деп жауап берді. Бірақ оның оң жақтары да бар, ел экономикасын сауықтырады деді Путин.

XS
SM
MD
LG