Ссылки доступа

«Аман қалған» фильмі «Алтын глобус» сыйлығын алды


«Аман қалған» картинасы «Алтын глобустың» — «Үздік драмалық фильм» жүлдесін жеңіп алды. Мексикалық режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің кинолентасы жартылай колонист Хью Гласстың америкалық Жабайы Батысқа сапар шеккен өміріне негізделген.

Ол «Үздік режиссер» номинациясын алды. Сонымен бірге «Үздік актер» жүлдесін фильмнің бас кейіпкері Леонардо Ди Каприоға бұйырды. Бұл осымен Ди Каприоның «Алтын глобустағы» үшінші жүлдесі.

«Алтын глобус» сыйлығымен марапаттау шарасы жексенбі күні Лос-Анджелесте болды. «Алтын глобус» жеңімпаздары америкалық киноакадемияның марапаты - «Оскарға» да басты үміткер ретінде айтылып жатыр.

Актриса Бри Ларсон «Бөлме» фильміндегі ең үздік әйел рөлі сыйлығын алды. «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» жүлдесін Кейт Уинслет иеленс, «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» Сильвестр Сталлонге бұйырды. «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясын «Саул ұлы» деп аталатын венгерлік картина жеңіп алды. «Ең үздік комедия фильмі» «Марсианинге» бұйырған. Жылдың ең үздік драмалық сериялы «Мистер Робот» фильміне берілді. «Джунглидағы Моцарт» фильмі «Алтын глобустың» үздік комедиялық сериялына лайық болды.

«Алтын глобус» жүлдесі 1944 жылдан бері жыл сайын беріліп келеді. Оны шетелдік басылым қауымдастығы береді. Оған Голливудта жұмыс істейтін 90 журналист кіреді.

XS
SM
MD
LG