Ссылки доступа

Керри мен Лавров таяу күндері болатын екіжақты кездесуді талқылады


АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби АҚШ және Ресейдің дипломатиялық басшылары телефон арқылы Сирия және өзге де халықаралық мәселені талқылады деп хабарлады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Джон Кирби Вашингтонда өткен брифингте Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия мәселесі жөнінде, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы жөнінде, Таяу шығыстағы және Украинадағы аймақтық проблемалар жөнінде, Солтүстік Кореядағы ядролық сынақ және америка-ресей қарым-қатынасы жөнінде сөйлесті деді.

Екі елдің дипломатиялық басшылары таяу арада екі жақты кездесу өткізу жөнінде келісті. «Олар жақын күндері мүмкіндік тауып кездесуді жоспарлап отыр», – деді Кирби.

XS
SM
MD
LG