Ссылки доступа

Барак Обама елдің жағдайы туралы баяндама жасайды


АҚШ президенті Барак Обама бүгін конгресстің біріккен отырысында жыл сайынғы қорытынды жолдауын жасайды.

Ақ үйдің хабарлауынша, президенттің елдің жағдайы туралы сөзі дәстүрлі мәлімдемелерінен өзгерек болмақ. Әдеттегідей бастамаларды тізіп шығудың орнына, Обама бұл жолы Құрама Штаттардың алдындағы ұзақ мерзімді мәселелерге назар аударатын болады. Таяу Шығыстағы соғыс, террормен күрес, таяу шығыстық босқындардың жағдайы оның баяндамасының өзегіне айналуы мүмкін.

Сонымен бірге, Обама мәлімдемесінде жақында Сан-Бернардинода болған қайғылы оқиғаға орай, АҚШ-тағы қару саудасын бақылаудағы кемшіліктер мен Латын Америкасынан келген 5 миллион заңсыз мигранттың тағдырына назар аударуды көздейді. Президент бұл мигранттарды депортациялауға қарсы. Әңгіме балалары АҚШ азаматтары боп табылатын ата-аналар мен АҚШ-қа ерте жаста келгендер туралы боп тұр. Бірақ соттар әзірге президенттің бұл бастамасын елемей отыр.

Баяндамасына орай жасалған бейнеаңдатпасында президент Обама өзі президент боп келген жеті жыл бұрынғы ауыр қаржылық-экономикалық кезден бері алғаш рет алдағы жылдарға үлкен сеніммен қарайтынын мәлімдеді.

Америкалық сарапшылар конгресстің қос палатасында басым дауысқа ие республикалықтардың президент әкімшілігі мерзімінің соңғы жылында қандай да бір үлкен ұсыныстардың қабылдануына жол бере қоятынына күмән келтіреді.

XS
SM
MD
LG