Ссылки доступа

Әндіжандағы көтеріліс «жетекшісінің» қаза болғаны туралы хабар тарады


Uzbekistan - leader of Akromiy group Akrom Yoldoshev
Uzbekistan - leader of Akromiy group Akrom Yoldoshev

«Азаттық» радиосының өзбек редакциясы өз дереккөзіне сүйене отырып, өзбек билігі 2005 жылғы Әндіжан көтерілісін ұйымдастырды деп айыптаған «Акрамия» діни ұйымының көсемі Акрам Юлдашевтың 5 жыл бұрын түрмеде қайтыс болғанын хабарлайды

Бір дерек бойынша, ол туберкулезден көз жұмған.Акрам Юлдашев 1999 жылдың ақпанында террорлық деген айыппен ұсталды. Өзбек соты оны 17 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын бір кісілік камерада өтеу туралы үкім етті. Юлдашевтың жақтасы «Азаттықтың» өзбек редакциясына «Акрамия» көсемінің өлімінен хабарсыз екенін айтты.

2005 жылы мамырдың 13-де Әндіжандағы шеруге қатысқандарға оқ атудың салдарынан құқық қорғаушылардың есебінше мыңға жуық адам қаза тапты. Өзбек билігі Әндіжанда оққа ұшқандар саны 187 екенін айтады және олардың денін «терроршылар» деп санайды.

XS
SM
MD
LG