Ссылки доступа

Қырғызстанда ипотекалық несие беру басталады


Қырғызстанның мемлекеттік ипотекалық компаниясы 2016 жылдың қаңтардың 15-нен бастап «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен ипотекалық несие беруді бастайды.

Бұл туралы «Биринчи радионың» тікелей эфирінде премьер-министр Темир Сариев мәлімдеді.
Сариев ипотекалық компанияның үй алуға немесе баспанасын кеңейтуге мүмкіндігі жоқ мемлекеттік қызметкерлердің мұқтажы үшін құрылғанын айтты.
«МИК коммерциялық банктерден басты ерекшелігі – бұл тұрғын үй несиесін ұзақ мерзімге төмен пайызбен және ұлттық валютамен есептеп беруінде. Бастапқы жарна үйдің 30 пайызын құрайды. Несиені 12-14 пайыз жылдық үстемеақымен 15 жылға беру көзделген. Орташа алғанда ол 70 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтерден тұрады», — деді Сариев.

Сонымен бірге Сариев алғашқы кезеңде ипотеканың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік даму жүйесіндегі қызметкерлерге берілетінін хабарлады. Әрі қарай мұндай несиені алуға жергілікті басқару орындарының қызметкерлері мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер өтініш бере алады. Мемлекет қажет қаржыны АҚШ долларымен шетелден қарызға алып, тұрғындарға ұлттық валютада береді және арадағы тәуекелдерді өз мойнына жүктейді.




XS
SM
MD
LG