Ссылки доступа

Түркіменстан банктері валюта сатуды тоқтатты


Түркіменстан банкілері конвертацияланатын валюта сатуды тоқтатты.

Бұл елде алда жаңа девальвация болуы мүмкін деген қауіп тудырып, қара базарда доллар бағамының күрт қымбаттауына әкеліп соқтырды.

Ашқабадтағы банк қызметкерлері тұтынушыларына доллар мен басқа да шетел валюталарын сату мен сатып алуға салынған тыйым мерзімі шексіз екенін хабарлаған.

Негізінен табиғи газ экспорттайтын Түркіменстан 2015 жылдың 1 қаңтарында өз валютасы манатты девальвациялаған соң оның құны 19 пайызға арзандаған. Елде тағы да девальвация болуы мүмкін деген қауесет тарап, ол ақша айырбастау пунктерінде дүрбелең тудырды. Елде барлық банктерде тұрғындар кезекте тұрғаны жайлы хабарлар тарады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, 12 қаңтарда қара базарда доллар құны 4 манаттан 4,2 манатқа қымбаттаған.


XS
SM
MD
LG