Ссылки доступа

Өзбекстанда «Арал теңізінің апаты» деген пошталық марка жарық көрді


Өзбекстанның ақпараттық технологияны және коммуникацияны дамыту министрлігі өткен аптада «Арал теңізінің апаты» деп аталатын арнайы пошталық марка енгізді.

Бұл жөнінде аталған марканы әзірлеген «Өзбекстан поштасы» акционерлік қоғамы хабарлады.

«Арал теңізінің апаты» маркасы Дүникжүзілік пошталық одақтың нұсқасы бойынша «Апат қаупін азайту» тақырыбына арналған.

Пошталық маркада Арал теңізіндегі экологиялық апаттың суреті бейнеленген. Марканың тиражы 7 мың дана. Онда сәйкестендіру нөмері мен құны көрсетілген.

XS
SM
MD
LG