Ссылки доступа

Обама мен Путин Украина және Сирия мәселелерін талқылады


Телефон арқылы байланысқан АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин Таяу Шығыстағы террормен бірігіп күресу мен Украинаның шығысындағы жағдайды шешуді талқылаған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест: «Олардың әңгімесінің басым бөлігі ресейліктердің Минскідегі мойнына алған міндеттемелері – Украинаны мазалаған жікшілдерді қолдауды бірден тоқтату жағын қамтыды», - деді.

АҚШ президенті Украинадағы дағдарысты Минск келісімдерін барлық тараптың бұлжытпай орындау арқылы, дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығына айрықша назар аударған. Президент Обама келесі маңызды қадам ретінде украиндық Донбасста ЕҚЫҰ талаптарына сай келуі тиісті жергілікті сайлау өткізуді атаған.

Екі ел басшысы БҰҰ Сирияға арналған 2254 қарарын орындаудың қажеттілігі туралы пікір алмасты.

Кремльдің хабарлауынша, Путин мен Обама сонымен бірге Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы шиеленісті тоқтату керек деген ұйғарым жасаған.

Телефонмен әңгіме барысында екі жақтың әскери саладағы байланыстары, Таяу Шығыстағы террормен күрес мәселелері де талқыланған. КХДР басшысының сутегі бомбасын сынақтан өткізгені туралы мәлімдемесіне орай, АҚШ пен Ресей президенттері егер бұл жайт дәлелденсе ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарын өрескел бұзу боп табылатынын және халықаралық қауымдастықтың қатаң жауабынсыз қалмау керектігін ұйғарған.

XS
SM
MD
LG