Ссылки доступа

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында ВИЧ жұқтырған бала саны өсуде


Бұл туралы АҚТҚ алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың жетекшісі Элмира Сатарова мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыста иммун тапшылығы вирусына 74 бала шалдыққан. Егер 2014 жылы мұндай дертті 4 бала жұқтырса, 2015 жылы ондай баланың саны 7-ге жеткен.

2015 жылы облыста ВИЧ-пен ауыратын 90 адам анықталды, олардың дені ер адамдар.

Жалпы Жалал-Абад облысында ВИЧ жұқтырған 716 жан тіркелген, оның 164-і көз жұмды.

XS
SM
MD
LG