Ссылки доступа

ИМ Джакартадағы шабуылды мойнына алды


«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бейсенбі күні Джакартада болған шабуылды ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Содырлар батыс елдерінің ешбір азаматының мұсылман елдерінде қауіпсіз сеезіне алмайтынын көрсету үшін, «15 шетелдік крестшілерді» өлтіргендерін хабарлаған.

Бейсенбі күні Джакартаның түрлі ауданында жарылыстар болып, бейбіт адамдарға оқ атылды. Полиция шабуыл жасаған бес содырдың бәрінің көзін жойды.

Адам шығыны туралы ресми дерек көздерінен түрлі ақпарат түсуде: бір шенеуніктер екі адамның өлгенін хабарласа, келесілері алты адамға дейін қаза тапқанын, оның біреуі канадалық екенін айтады. Жараланған 19 адамның арасында Нидерландының бір азаматы бар деген мәлімет бар.

XS
SM
MD
LG