Ссылки доступа

Мароккода Париж терактісіне қатысы бар Бельгия азаматы ұсталды


Марокко билігі Парижде қараша айында болған терактіге тікелей қатысы бар тегі мароккалық Бельгия азаматының ұсталғанын хабарлады.

Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде ол 15 қаңтарда Касабланкіде тұтқындалғаны айтылады. Ол Сирияға барып, өзі қатарына кірген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобында болғандығы да хабарланған.

13 қарашада Парижде болған терактіден 130 адам қаза тауып, 350-і жараланған. Жеті террорист өлтірілген. Полиция әлі күнге дейін олардың сыбайластарын іздеп жатыр. Шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» тобы алды. Париждегі қантөгістен кейін, франсуз жойқын ұшағы Сириядағы ИМ аймағына әуе шабуылдарын бастады.

XS
SM
MD
LG