Ссылки доступа

Рубль 2014 жылдың соңындағы деңгейге жетті


Әлемдік мұнай бағасының түсуіне кері әсер етіп жатқан Ресей валютасының бағамы 2014 жылы болған рекордтық деңгейге қайта түсіп, бір АҚШ долларының бағамы 79,2 рубльді көрсетті.

Құнсыздану 1,7 пайызды құрады. Еуро 86 рубльге саудаланды. Бұл Ресей валютасының тарихындағы ең төмен көрсеткіш.

18 қаңтарда Иранға қатысты экономикалық санкцияны алып тастағаннан кейін, мұнай тағы да барелліне 28 долларға түсті. Тегеран алдағы уақытта әлемдік нарыққа күніне 500 мың баррель мұнай шығаратынын мәлімдеді. Ресей валютасына Мәскеудің Украина ісіне араласқаны үшін батыс елдерінің салған санкциясы да әсер етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG