Ссылки доступа

Vimpelcom «өзбек ісінің» «жылы» жабылуына әрекет етіп жатыр


Vimpelcom ltd. телеком- компаниясының менеджменті (Ресейде ол "Билайн" брендімен жұмыс істейді) америкалық шенеуніктермен «өзбек ісі» деген атпен белгілі компанияның президент қызы Гүлнәр Каримоваға пара берді деген істі бейбіт түрде реттеуге келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл жөнінде компанияға қатысы бар екі адамға сілтеме жасап, «Ведомости» газеті хабарлайды. АҚШ Өзбекстандағы Vimpelcom ісін тергеп жатыр.

Еске сала кетейік, алғаш рет телеком-компанияның Гүлнәр Каримованың есеп шотына аударған күдікті қаражат 2012 жылы белгілі болды. Бір жылдан кейін АҚШ және бірнеше еуропалық елдер бұл іске қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Күдікке TeliaSonera, ресейлік VimpelCom мен МТС ілінді. Тергеушілер аударылған ақша компанияны Өзбекстан нарығына кіргізу үшін берілген пара деп есептейді.

Қаржы эксперттерінің пікірінше, президенттің қызы 1 млрд доллар пара алған. Оның бір бөлігі әртүрлі елдерден активтер сатып алуға жұмсалған, оның ішінде Швейцарияда орналасқан зәулім ғимарат та бар.

Тергеу барысында АҚШ-тың сот билігі Еуропадағы әріптестерін өзбек президенті отбасының банктегі есеп-шоттарын тұтқындауды талап еткен болатын. Ақшаның көп бөлігі – 800 миллион швейцар франкі – Швейцария банктерінде тұтқындалды. Бүгінде өзбек билігі бұл активтерді қайтарып алуға барын салып жатыр.

XS
SM
MD
LG