Ссылки доступа

Өзбек билігі Вашингтонмен келіссөз жүргізуде


АҚШ астанасы Вашингтонда бүгін өзбек-америкалық саяси кеңесулерінің кезекті отырысы басталады.

Қаңтардың 19-21-і аралығында америкалық шенеуніктер Өзбекстан билігінің өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, өзбек делегациясы АҚШ мемлекеттік департаменті мен бірқатар ведомство өкілдерімен екіжақты кездесулер мен келіссөз жүргізеді.

АҚШ басшылығы өзбек шенеуніктерімен халықаралық коалиция аясында «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымымен белсендірек күресу мәселелерін, Ауғанстандағы жағдай мен халықаралық террорға қарсы күрестегі ынтымақтастықты талқылайды деп жоспарланған. Осы кездесулердің алдында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы АҚШ-ты саяси тұтқындардың мәселесі асқынған Өзбекстанға қысым жасауға шақырды. АҚШ мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы есебінде Өзбекстанға қатысты, бұл елде билік тарапынан адам құқықтарын бұзуға кең жол берілгені баяндалған. Бірақ АҚШ әкімшілігі құқық бұзушылыққа қарсы шара қолданудың орнына, оңаша сөйлесу саясатын жөн көріп отыр делінген Human Rights Watch ұйымының мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG