Ссылки доступа

Қырғызстанда 2030 жылға дейін аңшылыққа тыйым салу ұсынылды


Эмиль Токтошев («Ата Мекен») және Жанар Акаев (ҚСДП) есімді қырғыз депутаттары осындай тыйым туралы бастама көтерді

Соңғы 20 жылда жабайы аңдардың саны күрт кеміп кеткен. Тіпті көптеген жерде ауланатын аңдар көрінбей кеткен. «Әлемдік тәжірибеде аң аулауға тыйым салынған мысалдар көп. Кейбір еуропалық елде аңшылықтың жекелеген түріне рұқсат етілмейді, ал бірақатар африкалық елде аң аулауға мүлдем тыйым салынған, ондаған жылдан бері атып алынған жануарларды сатуды заңмен қудалайды», - дейді депутаттар.

Заң жобасы қоғамның талқысына ұсынылды.

Жоғорку Кенештің бұған дейінгі шақырылымында болған бірқатар депутат та осындай бастама көтеріп, бірақ олардың жобасы аяқсыз қалған еді.

XS
SM
MD
LG