Ссылки доступа

Қырғызстанда Сирияға баруға үгіттеу оқиғалары жиілеген


Бір жыл ішінде Бішкек қаласында азаматтарды Сириядағы соғысқа шақырған 22 оқиға тіркелген.

Бұл туралы астаналық ҚІІД бастығы Кашкар Джунушалиев мәлімдеді.Оның сөзінше, бір жылда тыйым салынған «Хизб-ут Тахрир» экстремистік ұйымының идеяларын таратуға қатысты 50 оқиға тіркелген, Оның 11-і бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Радикалды топтардың 90-нан астам мүшесі есепке алынған, 6 экстремистік ұйым анықталған.

Соңғы мәлімет бойынша, Сириядағы әскери қақтығыстарға 500-ден астам қырғызстандық қатысып жүр. Олардың дені Жалал-Абад және Ош облыстарының тұрғыны. Күні бүгінге дейін Сирия жерінде шамамен 30 шақты қырғыз азаматы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG