Ссылки доступа

ИМ тұтқынына түскен адамдарды өлтіретін жендеттің көзі жойылған


"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы таратқан хабарларда "жиһадшы Джон" деген атпен белгілі британдық содыр Мұхаммед Эмвазидің қаза тапқаны айтылды.

"Жиһадшы Джон" содырлар таратқан кепіл тұтқындарды өлтіру туралы бірнеше видеомен танылған еді. Террорлық әрекеттерді бақылаумен айналысатын SITE барлау тобы ИМ мүшелері өздерінің ағылшын тіліндегі "Дабик" үгіт-насихат журналында Эмвазиге арналған мадақ өлең шығарғанын хабарлады.

Содырлар Эмвазидің өткен жылдың қарашасында Раккада "көлігімен кетіп бара жатқанда пилотсыз ұшақ шабуылынан" қаза тапқанын айтады. АҚШ әскерилері өткен күзде Эмвази мерт болды деген ақпарат таратқан.

Бұрын ИМ-нің кепіл тұтқынында болғандар "Жиһадшы Джонды" Батыс елдерінен шыққан адамдарды қорқытуды жақсы көретін "қанқұмар есерсоқ" деп сипаттаған. Ол америкалық журналистер - Стивен Сотлоф пен Джеймс Фоулидің, британдық гуманитарлық қызметкер Дэвид Хейнс пен Алан Хеннингтің және жапониялық журналист Кенджи Готоның өлімі туралы видеоларда көрінген болатын.

XS
SM
MD
LG