Ссылки доступа

БҰҰ Иракта ИМ мыңдаған құл ұстап отыр деп мәлімдеді


БҰҰ «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Иракта құл ретінде үш жарым мың адамды ұстап отыр деп мәлімдеді.

Олардың ішінде әйелдер мен балалар бар делінген БҰҰ-ның Ирактағы көмек көрсету миссиясы мен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының арнайы баяндамасында.

Онда сонымен бірге экстремистік топтың әрекеттері әскери қылмыс, адамзатқа қарсы жасалынған қылмыс, тіптен геноцид болып табылатындығы айтылған.

«Ислам мемлекеті» сексуалды құлдыққа әйелдер мен балаларды пайдалануды жалғастырып жатқандығы жазылған.

Есепте көрсетілгендей, 2014 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың қазан айы аралығында Иракта зорлық-зомбылықтың салдарынан 19 мың адам қайтыс болып, 36 мың адам жараланған.

XS
SM
MD
LG