Ссылки доступа

Пәкістанда университетке жасаған шабуылдан 21 адам көз жұмды


Пәкістанның солтүстік- батысында содырлар студенттерге шабуыл жасады. Нәтижесінде 21 адам қаза тауып, 50 шақты адам жараланған. Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы шабуыл 2014 жылдың желтоқсанында Пешаваре академиясындағы 144 адамның өмірін алып кеткен терактіні еске салды.

Сол қанды оқиғаға жауапты болғандар 20 қаңтардағы Бача Хана университетіндегі шабуылға «Талибан» қозғалысынан бөлініп шыққандардың қатысы бар деп мәлімдеді.

Пәкістандық тәлібтер бұл оқиғаны «исламдыққа жат» деп айыптады.

Содырлар қара киініп, университеттің қоршауынан секіріп өткен деп хабарланады. Қайтыс болғандардың көбі ерлерге арналған жатақханада ұйықтап жатқан жастар болған. Сонымен бірге бір оқытушы қайтыс болған.

Алты сағаттық атыстан кейін, университет аймағын шабуылдаушылардан босатқан. Содырлардың төртеуі қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG