Ссылки доступа

Ғарышкерлер Күн жүйесінде тағы бір планетаның ашылғанын мәлімдейді


Калифорниялық технология институтының ғарышкерлері Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде тоғызыншы планетаны анықтаған. Оның көлемі Нептунның көлеміне сәйкес келеді екен.

Бұл жөнінде олар 19 қаңтарда жасаған баяндамаларында айтқан. Ғаламшарды әзірге "Планета Икс" деп атаған. Оны математикалық талдау жасау арқыры анықтаған. Ол Плутонның артында орналасқан екен. Онда миллиардтаған аспан денелері айналып жүреді.

Ғалымдардың есебі бойынша, жаңа ғаламшар да Күнді айналады. Көлемі Жерден 10 есе үлкен. Күннен ол планета өте қашықтықта орналасқандықтан көрінбейді. Күнді 10–20 мың жылда толық айналады екен.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айында мәскеуліктер мен Жершарының солтүстік тұрғындары бірқатар қызықты ғарыштық оқиғаларды байқай алады. Атап айтқанда, Жер Күннен жақын қашықтықта өтеді, ал Шолпан Сатурнға жақындайды. Телескоп арқылы Каталин кометасын байқауға болады.

31 қаңтарда Меркурий, Венера, Сатурн, Марс пен Юпитер және оларға Ай қосылып Күн жүйесінің бір сабын түзейді.

XS
SM
MD
LG