Ссылки доступа

Полиция қызметкері терроршыларға болысты деп айыпталуда


Қырғызстанда терроршыларға қару сатты деген күдікпен полиция офицері ұсталды.

Елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, ол қаңтардың 17-де Жалал-Абад облысында ұсталған. Оның алдында терроризм айыбымен тұтқындалған басқа күдікті өзінен табылған қару-жарақ пен оқ-дәріні полиция қызметкерінен алғанын айтқан. Полиция офицерінің бұл әрекеті терроршыларға болысу ма, жемқорлық па, әлде оған жала жабылды ма – бұл арасын тергеу мен сот анықтайды.

Қырғызстан билігі соңғы айларда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаудың жииілеп кеткеніне алаңдап отыр. Және мұның артында «Ислам мемлекеті» радикалды тобының мүшелері тұруы мүмкін деп санайды. Бішкектің мәліметінше Сирия мен Иракта экстремистердің қатарында елдің жүздеген азаматы соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG