Ссылки доступа

Атамбаев Ресеймен ГЭС салу келісімін бұзды


Қырғызстан Ресеймен жасалған Қамбарата-1 ГЭС-і мен Жоғарғы Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салу туралы үкіметаралық келісімді бұзды.

Келісімді бұзу туралы 20 қаңтарда Қырғызстан парламенті қабылдаған заңға бүгін президент Алмазбек Атамбаев қол қойды.

Заң бойынша, Қырғызстан сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіпте Ресей үкіметіне келісімнің бұзылғаны туралы ескертуі тиіс. Заң ол ресми түрде жарияланған кезден бастап 15 күн ішінде күшіне енеді.

Үкіметаралық келісімге 2012 жылы 20 қыркүйекте Бішкекте қол қойылған. 2015 жылы 31 желтоқсанда Қырғызстан үкіметі келісімді бұзды. Бұған дейін Қырғызстан ұлттық энергетикалық холдингінің басшысы Айбек Қалиев Қамбарата-1 ГЭС-і мен Жоғарғы Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салатын инвестор келісім күші жойылғаннан кейін алты ай ішінде табылатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG