Ссылки доступа

Орталық Азия аймағы «өте қауіпті елдер» тізіміне енгізілді


Кентукки штатының сенаторы әрі АҚШ президенттігіне үміткер, республикалық Рэнд Пол арнайы заң жобасын әзірлеген.

Онда «өте қауіпті» елдер тізімі жасалып, аталған елдерден АҚШ-қа террористер келу қаупі айтылған. Бұл жөнінде америкалық Journal Star басылымы жазады.

«Қауіпсіздік акті» деп аталатын заң жобасында Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және өзге тізімде бар ел азаматтарын жан-жақты тексеру үшін, виза беруді 30 күнге ұзарту қарастырылған.

Сонымен бірге АҚШ мемлекеттік департаменті «қара тізімдегі» елдерге мораторий жариялауы да мүмкін делінген.

«Аса қауіпті елдерге» Ауғанстан, Алжир, Бахрейн, Бангладеш, Египет, Эритрея, Индонезия, Иран, Ирак, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Кувейт, Ливан, Ливия, Мали, Марокко, Нигерия, Солтүстік Корея, Оман, Пәкістан, Катар, Сауд Аравия, Сомали, Судан, Сирия, Тунис, Түркия, Бірікке Араб Әмірлігі, Өзбекстан, Йемен және Палестинаны енгізген.

XS
SM
MD
LG