Ссылки доступа

АҚШ пен Түркия ИМ-ді бірлесіп жеңбек


Құрама Штаттар мен Түркия «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын түпкілікті жеңудің «әскери жолдарын»  іздеуге дайын.

Түркия премьер-министрі Ахметом Давутоглумен кездескен АҚШ вице-президенті Джо Байден саяси шешім табылмаса, АҚШ жағдайды реттеудің балама жолдарын қарастыратынын мәлімдеді. Кейінірек Ақ үй вице-президенттің саяси шешім туралы сөзі сириялық үкімет пен көтерілісшілер арасындағы бейбіт келіссөздерге қатысты айтылғанын, ал әскери шешімнің тек ИМ-ге қатысы барын жеткізді.

Сирия билігі мен оппозиция өкілдерінің БҰҰ бастамасымен өтетін келіссөздерінің басталуы келесі аптаға жоспарланған. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон бұл шараға Ресейдің де қатысуы керектігін мәлімдеді.

АҚШ-ың ИМ-ге қатысты жоспарларымен бөліскен АҚШ вице-президенті олардың түпкі мақсаты «ДАИШ-ты жою» ["Ислам мемлекетінің" басқа атауы] екенін түсіндіріп кетті. Байден сонымен бірге, Түркияда тыйым салынған Күрдістанның Жұмысшы партиясы Анкара үшін жихадшылар секілді қауіп көзі боп табылатынын айтты. Ол күрдтердің партиясын кәдімгі террорлық топ ретінде атап, олардың әрекеттерін сынға алды.

Тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылған күрдтер мен Түркия арасындағы әскери қақтығыс 30 жылдан астам уақыт жалғасуда. Осы уақыт ішінде 40 мыңнан астам адам оның құрбаны болды. Бұған дейін Түркия президентімен кездесуі кезінде Байден Түркияда сөз бостандығы шектелетінін, атап айтқанда журналистерді қорқыту, әлеуметтік желілерді өшіру және билікті сынайтындарға опасыздық жасады деген айып тағу секілді шаралар қолданылатынын айтып сынаған еді.

XS
SM
MD
LG