Оның сөзінше, мұндай дертке шалдыққан алғашқы Қырғызстан азаматы 1996 жылы тіркелген. Қазір, ресми дерек бойынша АҚТҚ/ЖҚТБ ауруларын жұқтырған 6 110 адам тіркелген, оған дерттен өлгендер саны да кіреді. 416 адам аурудың соңғы кезеңін бастан өткеруде. АҚТҚ/ЖҚТБ 4 061 ер және 2049 әйел адамнан анықталған. Қалған 554-і - балалар. Мамандар АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратындардың бейресми саны бұдан да көп деп топшылайды.
Қырғызстанда АҚТҚ/ЖҚТБ дертінен 20 жылда 1343 адам көз жұмды. Бұл туралы республикалық ЖҚТБ орталығының директоры Умуткан Чокморова мәлімеді.