Ссылки доступа

Ошта жаңа туған нәрестені сату оқиғасы анықталды


Қырғызстанда Ош облысында 27 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін Ресей азаматшасына 15 мың сомға (шамамен 200 доллар) сату оқиғасы тексеріліп жатыр. Бұл жөнінде ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың мәліметінше, 2015 жылдың 19 желтоқсанында жас келіншек қыз босанып, 22 желтоқсанда Қырғызстанда тұрып жатқан 36 жастағы Ресей азаматшасына берген. Ол өз кезегінде құжаттар әзірлеген, ал ресейлік азаматша сәбидің атына туу туралы куәлік алған.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам саудасы» және «Жалған құжат әзірлеу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG