Ссылки доступа

Тәжікстанда валюталық бақылауды күшейтеді


Тәжікстанның Ұлттық банкі елде Қылмыстық Кодекске өзгерістер енгізіліп, заңсыз валюталық операциялар үшін жауапқа тарту көзделеді деп мәлімдеді.

Тәжікстандағы Ұлттық банк төрағасы Жамшед Нурмухаммадзода бүгін журналистермен кездесуде, елде валюта айырбастау тек банктерде және несие ұйымдарына ғана рұқсат етілгенін айтты.

Нурмухаммадзода бұл заң жобасының мақсаты — шетел валютасымен салыстырғанда, ұлттық валютаның құнсыздануына жол бермеу. Ұлттық банк төрағасы айырбастау пунктерінің жұмысы қайта жандануы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Олар жұмысты басқа жерден іздесін, бос орындар көп. Несие ұйымдарында жұмыс орны жеткілікті. Валютаға қатысты барлық операцияны банктер жасау керек»,— деді Нурмухаммадзода.

Қараша айының аяғында сомони бағамы құнсызданғаннан кейін, Тәжікстанда барлық айырбастау пунктері жабылды. Тәжікстан билігі мұны елдегі валюта нарығын реттеу шарасы деп түсіндірді.

XS
SM
MD
LG