Ссылки доступа

Қырғызша биатлон: шаңғы үстінде садақ ату


Бұрын спортшылар аттың үстінде садақ атып жаттықса, енді шаңғы теуіп, садақ атуды үйреніп жатыр.

Қырғызстанда қырғыздың ежелгі шаңғы үстінде садақ ату ойыны қайта жанданып жатыр. Ереже бойынша, спортшылар ұлттық киімде, сырғанай отырып, садақпен межеге дәл тигізу керек. Бағаланатыны: шапшаңдық пен дәлдік.

Қырғызстанда бүгінде 30 шақты садақшы спортшы бар. Олар бұрын-соңды шаңғы теппеген. Шаңғының қыр-сырын енді үйреніп жатыр. Алайда тарихшы Элери Битикчи шаңғы тебу қырғыздардың қанында бар, бұл жөнінде қытайдың көне жылнамасында жазылған деп есептейді.

XS
SM
MD
LG