Ссылки доступа

Алматы әкімі «Оңай» көлеңкелі айналымдағы ақшаны шығарады деп санайды


Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматының қоғамдық көліктеріне орнатылған «Оңай» төлем жүйесінің көлеңкелі экономикадан біршама қаржыны шығаратынына сенімді.

Астанадағы бирфингте қала әкімі: «Біз нарықтың көлемі нақты қанша екенін білгіміз келді. Қанша табыс келіп, қанша шығын кететіні мүлдем белгісіз болды. Ақша қайда кетуде? Қазір біз нарықтың көлемі 19–20 миллиард теңге (50–52 миллион доллар) екенін көріп отырмыз. Яғни 6-7 млрд теңгені қаланың көлеңкелі экономикасынан шығарамыз», — деді.

2016 жылы қаңтардың 11-нен бастап, Алматыда қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол төлеу жойылды. Жолаушылар «Оңай» картасымен көлікте орнатылған электронды терминалдарға төлеуі тиіс. Жол ақысы 80 теңге күйінде қалды, студенттер мен зейнеткерлерге, оқушыларға 50 пайыздық жеңілдік жасалған. Электронды жол ақы жүйесін енгізу қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығын тудырды. Кейбір жолаушылар айлық жолда жүру биетінің алынып тасталғанына реніш білдірді.

Бауыржан Байбек Алматыда осы айда тоқтап қалған жолда жүру биетін қайта енгізулері мүмкін екенін хабарлады. Әкім мұндай шешімді жергілікті мәслихаттың шешетінін айтты.

XS
SM
MD
LG