Ссылки доступа

Путиннің бұрынғы әйелі күйеуге шықты


Ресейлік НТВ телеарнасы Реесей президенті Владимир Путиннің бұрынғы әйелінің күйеуге шыққанын және арнайы телебағдарламада оның есімін жария ететінін хабарлады.

Өткен аптада арнайы тексеру жұмыстарын жүргізген "Собеседник" журналы президенттің бұрынғы әйелі Людмила Путинаның фамилиясын Очеретная деп ауыстырғаны туралы жазған еді. Басылымның дерегінше, тұлға аралық байланыстарды дамыту Орталығының жетекшісі 37 жастағы Артур Очеретной Путиннің бұрыны әйеліне үйленген. Бұған дейін Очеретной "Арт шоу центр" фрмасында істеп, "Единая Россия" партиясының да бірқатар шараларын ұйымдастырған.

Қаңтардың 25-де Людмила Путинаның фамилиясын өзгерткені туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес Қоры да растады. Қор қызметкері 2015 жылдың тамызында бұрын Людмила Путинаға тиесілі болған пәтердің, қазір Людмила Очеретная атында екенін, соңғысының туған күні мен жылы Ресей президентінің бұрынғы зайыбыныкімен сәйкес келетінін айтты. Владимир Путин әйелімен ажырасатыны туралы 2013 жылдың шілдесіне мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG