Ссылки доступа

ЕҚЫҰ Қазақстандағы белсенділерге шыққан үкімді сынға алды


ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Алматыдағы екі қоғам белсендісіне қатысты шыққан сот шешімін Қазақстандағы сөз бостандығын тұншықтырудың кезекті амалы деп атады.

Қаңтардың 22-де азаматтық белсенділер әрі блогерлер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев әлеуметтік желідегі парақшаларына біреудің жарияланбаған кітабынан үзінді жариялағаны үшін екі және үш жылға сотталды. Кітап авторы Мұрат Телібеков өзін Қазақстан мұсылмандары Одағының төрағасы ретінде атайды. Былтыр қазан айында ұсталған қос белсендіге «әлеуметтік, ұлттық, тектік, таптық немесе діни алауыздық тудыру» дейтін қылмыстық кодекстің 174-ші бабымен тұтқындалған еді.

Миятович мұны «сынауды жаншуға бағытталған кезекті қадам», — деп атады. Оның сөзінше, мұның алдындағы журналистер мен блогерлерді қудалау оқиғалары Қазақстандағы сөз бостандығы мәселесіне алаңдаушылық туғызып отыр. Жақында елде блогерлер Игорь Сычев пен Ермек Тайчибеков сотталды. Азаматтық белсенді Болатбек Біләловтың бас бостандығы үш жылға шектелді. ЕҚЫҰ мәлімдемесінде журналистер Гузяль Байдалинова мен Юлия Козлованың кәсіби қызметі үшін тергеу абақтысында отырғаны да көрсетілген.

XS
SM
MD
LG