Ссылки доступа

Кремль Путиннің«миллиардтары» туралы мәлімдемені терістеуде


Кремль АҚШ қаржы министрлігі өкілінің Ресей президенті Владимир Путиннің жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін екендігі жайлы сөзін «ресми айыптаумен бірдей» деп қабылдады.

АҚШ қаржы министрлігінің санкциялар бөлімін басқаратын Адам Шубин BBC арнасының бағдарламасына берген сұхбатында Ресей президентінің байлығын жасырып отырғаны туралы мәлімдеді.

BBC бағдарламасында Шубин Орталық барлау басқармасының Путиннің байлығы 40 миллиард долларға жетеқабыл екендігі туралы 2007 жылғы есебіне түсініктеме беруден бас тартады. Дегенмен Шубин Путиннің ресми тіркелген дүние-мүлкі Владимир Путиннің нақты байлығымен сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Кремль мұны жоққа шығарады. Путин өзін әлемнің бай адамдарының қатарына жатқызатын мәлімдемелерден хабардар екені туралы мәлімдеп, мұны бірнеше рет жоққа шығарған еді.

Құрама Штаттар Ресейдің Украинадағы басқыншылығына тоқтау салу үшін Владимир Путинге адал ресейлік кәсіпкерлерге қатысты санкциялар салған болатын.


XS
SM
MD
LG