Ссылки доступа

Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық Күні


Қаңтардың 27-де Қызыл Армияның нацистердің Освенцим (Аушвиц) өлім лагерін азат еткені көптеген елде Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні ретінде аталады.

Германияда бұл күн ұлтшыл-социализм құрбандарының күні есебінде белгілі. Берлинде осы күнге арналған бундестагтың дәстүрлі салтанатты жиыны өтті.

Освенцим (Аушвиц) лагерлерін азат етудің кезекті күніне орай, Берлиндегі Неміс тарихи мұражайында нацистік лагерь мен түрме тұтқындарының және еврей геттолары тұрғындарының тығылып салған суреттерінің көрмесі ашылды. Ол «Холокост өнері» деп аталады. Көрме үшін 100 туындыны израильдік Апат (Холокост) және Яд Вашем (Яд ва-Шем) ұлттық мемориалы ұсынған Германияда қойылған жұмыстардың бәрі тұңғыш рет назарға ұсынылуда. Көрменің ашылуында Германия канцлері Ангела Меркель Холокост туралы естелікті мәңгілік сақтаудың маңызы туралы айтты. Ол көрмедегі суреттер мен графикалардың бір мезетте әрі өнер туындысы, әрі туынды авторларының елестетуге қиын азап шеккендерінен хабардар ететін құжат боп табылатынына назар аударды.

XS
SM
MD
LG