Ссылки доступа

Тәжікстанда валюта саудагерлері 9 жылға сотталуы мүмкін


Тәжікстан билігі заңсыз валюта саудасымен айналысқандарды қатаң жазалау арқылы шетелдік валютаны бақылаусыз айырбастау жолдарына тоқауыл қойғысы келеді.

Былтырғы жылдың аяғында тәжік билігі жекеменшік айырбас бекеттерін ұлттық валюта-сомониды күрт құнсыздандырды деп айыптаған еді. Желтоқсан айында жиырма шақты ақша айырбастаушылар «валюталық алыпсатарлық» үшін ірі айыппұл төледі

Одан бөлек елде жекеменшік айырбастау бекеттерінің қызметіне тыйым салынды. Қазір Тәжікстанда валютаны тек банктер мен несие береін ұййымдарда айырбастауға болады. Ондағы валюта сатып алу бағасы ресми бағаммен бірдей болса, сатылатын валюта бағамы тым жоғары.

Мұндай саясаттың нәтжесінде Тәжікстанда валютаны «нақты бағаммен» айырбастайтын «қара базар» пайда болды. Душанбедегі 818 валюта айырбастау екеттерінің бір бөлігі осылай жұмыс істеуге көшкен.

Тәжікстан тауарлардың басым бөлігін шеттен сатып алатын тұтынушы елдер қатарына жатады. Валюта нарығындағы аласапыран нәтижесінде елдегі көптеген тауардың бағасы шарықтап кетті.

XS
SM
MD
LG