Ссылки доступа

Өзбекстанда қылмыс әлемінің "беделді тұлғасына" мешітті қалпына келтіруге рұқсат етілмеді


Өзбекстанда «беделді қылмыскер» саналатын Сәлімбай Абдувалиевке «Джурабек» мешітін қалпына келтруіне рұқсат берілмеді.

Былтыр көктемде өртеніп кеткен Ташкенттегі «Джурабек» мешітін қалпыа келтіру, іс жүзінде жаңадан салу жұмыстарының басталғаны туралы ақпаратты uzmetronom.com басылымы жариялаған еді.

Басылымның дерегінше, жаңа мешітті белгілі өзбек кәсіпкері әрі меценаты Сәлімбай Абдувалиев өз қаржысына салмақ болған.

Сонымен бірге, жаңа мешіт бұрынғысынан да үлкен әрі сәулеті жағынан Өзбекстан президенті өзі іргетасын қалаған «Минор» мешітінен еш кем түспейтіні туралы да хабарланған еді.

Абдувалиев иелерінің әрқайсысына 150 мың доллар беріп, мешіт жанындағы үш үйді жерімен қоса сатып алған.

Мақал жарық көргеннен кейін, мешіт құрылысының басталмағаны, ал оның іргетасының жермен-жексен етілгені белгілі болды. Сәлімбай Абдувалиев қираған мешітті қалпына келтіру туралы үкіметке үш реет хат жазса да, рұқсат ала алмады.

Өзбекстан үкіметіндегі дін істері жөніндегі комитет мешіттің жақын айларда қалпына келтірілетінін хабарлағанымен, жөндеуге кімнің ақшасы жұмсалатынын ашып айтпады.

XS
SM
MD
LG