Ссылки доступа

Сирияға «бал айына» бармай қалды


Ресейлік БАҚ Ставропольда тұратын әйелмен хат алысқан Тәжікстан азаматы Хуршеджон Михтоджов туралы жазуда. Ол сүйіктісіне күйеуге шығуды ұсынып, өзімен бірге Сирияға алып кетуге уәде еткен.

Тәртіп сақшылары ер адамды Ставропольға келген кезде ұстап алған. Оның жүгінен есірткі мен экстремистік әдебиет табылған.

Ұсталған адам ИШИМ-ге еш қатысы жоқтығын, Сирияға соғыстан қажыған елдегі қарапйым халықтың ауыр тұрмысы туралы деректі фильм түсіру үшін бармақ болғанын айтқан. Басылымдардың жазуынша, сотта ол ана тілінде сөйлеген, сүйіктісімен орысша хат алысқан сотталушы орыс тілін ұмытып қалғанын айтыпты.
Терроршыларға болысқаны және есірткі сақтағаны үшін деген айыппен Ресейдің Жоғарғы Соты Михтоджовты 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бұқаралық ақпарат құралдары радикалды исламшылардың нысанасына айналған ресейліік қыздар қатарының көбейгенін жазуда.

XS
SM
MD
LG