Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметі қызметтік көлік санын қысқартты


KG number, Kyrgyz Service
KG number, Kyrgyz Service

Үкімет аппаратындағы қызметтік көлік саны 50%-ға қысқарған. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Дерек бойынша, бұрын аппаратқа тиесілі болған 22 көліктің 11-і қалған. Оның сегізі кезекші, екеуі фельдъегер қызметі есебінде қолданылады. Тағы бір көлік өңірге іссапарға шығуға арналған.
Бұрын премьер-министрдің көмекшілері мен кеңесшілері, бөлім жетекшілері мінген көліктер қысқартылған. Мұнымен қатар мемлекеттік органдардың автокөлік паркін оңтайландыру жөніндегі комиссия жұмысы жалғасуда.

XS
SM
MD
LG