Ссылки доступа

«Самұрық-Қазына» доллардың 420 теңгеге дейін өсуін болжауда


Қазақстандағы ондаған ірі ұлттық компанияның басын біріктіретін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры биыл ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 420 теңгеге дейін құлдырауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Reuters «Самұрық-Қазынаның» басқарма мүшесі Елена Бахмутованың мұнайдың баррелі 20 долларға түскенде доллардың бағамы 400 теңгеге жетуі мүмкін екенін болжап отырғандары туралы сөзін дәйек етеді. Бахмутова «Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялар тобы мұнай баррелі 35 доллар, ал доллардың айырбас бағамы 380 теңге болғанда ғана дамуға мүмкіндік алатынын айтқан.

Қазақстанның ұлттық валютасы былтыр тамызда ел билігі теңге бағамын «еркіне» жібергелі бері, долларға қатысты жарты құнын жоғалтты. Қазақстанның Ұлттық банкінің бүгінге бекіткен доллардың теңгеге бағамы - 380,3 теңге. Бұған дейін Қазақстан үкіметі биылғы жылдың бюджетін қайта қарауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Қазіргі бюджеттік жоспар Brent маркалы мұнайдың баррелі 40 доллар, ал теңгенің долларға бағамы 300 теңге көлемінде есептелген.

XS
SM
MD
LG