Ссылки доступа

Қазақстан жемқорлық асқынған елдер қатарында


Transparency International халықаралық ұйымы бүгін жемқорлықты қабылдау Индексінің 2015 жылғы есебін жариялады.

Қазақстан бұл Индексте жемқорлығы ең жоғары және ашықтығы төмен елдер тізімінде тұр. Халықаралық ұйымның 168 елде қамтыған зерттеуінде Қазақстан 123-ші орында, бұл былтырғы көрсеткішінен үш сатыға жоғары. Бұл зерттеу елдеріндегі жемқорлық туралы азаматтардың пікірлерінің негізінде жасалады.

Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – сыбайлас жемқорлық мейлінше жайлаған елдердің тізімінде. Transparency International ұйымының ТМД, Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі өңірлік үйлестірушісі Светлана Савицкая: «Орталық Азияның барлық бес республикасы CPI кестесінің ең төменгі орындарында тұр»,–деп мәлімдеді. Оның сөзінше, жемқорлық Орталық Азия елдерінде індетке айналып, жүйелік сипат алған. Савицкая 2012 жылдан бері, Орталық Азияның ешбір елінде жемқорлық деңгейінің төмендемегенін айтты. Бұл жағынан аталған өңір елдері «тоқырауда» тұр.

Ресей CPI рейтингінде 119-шы орында, Украина –130-шы, Молдова –103-ші, Армения –95, Әзірбайжан 119-шы орынға тұрақтаған.

XS
SM
MD
LG