Ссылки доступа

Мигранттар құқықтарының сақталуын талап етеді


Ресейдегі тәжік мигранттары өздері үшін «жедел жәрдем» қызметін ақылы ету туралы ұсыныс құқықтарын бұзады деп санайды.

Жақында Мемлекеттік думаның ЛДПР партиясынан сайланған депутаты Владимир Сысоев денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын вице-премьер Ольга Голодецке хат жолдаған. Онда депутат мигранттар үшін жедел жәрдем көмегін ақылы етуді ұсынады.

Қазіргі таңда Ресей азаматтарымен қатар, елде заңды тұрып жатқан шетелдіктер де тегін медициналық көмек түрлерін алуға құқылы. Медициналық сақтандыру құқығы босқындарға да берілген.

Депутаттың пікірінше, шетелдіктерге жедел дәрігерлік көмек көрсетуге жыл сайын жүздеген миллион рубль жұмсалады. Міндетті медициналық сақтандырудың аумақтық қорларының бюджетінен шығындалатын бұл ақшаны ресейлік азаматтардың денсаулығын түзеуге жұмсауды сұрайды.

Осыған орай, депутат мигранттар үшін ақы төлеу жүйеесін енгізуді ұсынды.

Дегенмен Ресейде бұл ұсыныспен көпшілігі келіспейді, өйткені ел заңдарына сәйкес, жедел жәрдем көмегі азаматтың әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан тегін көрсетілуі тиіс.

XS
SM
MD
LG