Ссылки доступа

Еуропол: Еуропаға келген мыңдаған баланың тағдыры белгісіз


Еуропа полициясының (Еуропол) мәліметінше, соңғы екі жылда Еуропаға жалғыз-жарым келген он мыңнан астам бала тіркелгеннен кейін жоғалып кеткен.

"Олардың барлығы бірдей қылмыскерлер құрбанына айналған жоқ. Кейбірі туыстарына берілді" деп хабарлады Еуропол өкілі Брайан Дональдқа сілтеме жасаған Observer басылымы.

Біз олардың қайда, кіммен бірге екенін және не істеп жүргенін білмейміз" деген Брайан Дональд. Ол Еуропадағы "қылмыстық құрылымдар" мигранттарды нысанаға алғанын ескерткен.

Save the Children ұйымының мәліметінше, өткен жылы Еуропаға туыссыз 26 мыңдай мигрант бала келген. Сарапшылар олар жыныстық қанауға ұшырауы немесе басқа да заңсыз қызметтерге мәжбүрлеп тартылуы мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG