Ссылки доступа

Памирлік қырғыздарға көмек акциясы өтеді


Бішкекте 4 ақпанда Памир тауында (Ауғанстан) тұратын этникалық қырғыздарға көмектесу үшін акция өтеді.

Қайырымдылық акциясын «Элден элге» қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отыр. Көмек қолын созғысы келетін адамдар отандастарына кез-келген заттарын беруге болады. Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлағандай, акция «Бішкек-Парк» сауда үйінде өтеді. Барлық жиналған заттар 2016 жылдың 10 ақпанында Памирде тұратын қырғыздарға жөнелтілетін болады.

XS
SM
MD
LG