Ссылки доступа

Насиба – әлемдегі ең әдемі студенттердің бірі


27-рет өтіп жатқан World University Peace Service Corps әлемдік сұлулық байқауының қорытындысы бойынша, қырғыз- славян университетінің студенті тәжік қызы Насиба Наимхонова жетінші орынды иеленді.

Бас жүлде Перу өкіліне бұйырса, бірінші орынды қытайлық қыз иеленді. Жетінші орын интернет дауыс берушілердің арқасында Насибаға бұйырды.

19 жастағы Насиба Наимхонова байқаудан кейін алдына жаңа жоспарлар құратынын айтады. Оқуды бітірген соң, дипломатиялық өкілдіктерде аудармашы болып жұмыс істегісі келеді екен.

“Біз бейбітшілік және сабырлылық жайында айттық. Байқау тәртібіне сәйкес, БҰҰ-ның арнайы бағдарламасы бойынша, түрлі конференцияларға қатысамыз, жер бетінде бейбітшілік орнатуға өзіміздің үлесімізді қосамыз ”, - дейді Насиба Наимхонова.

Ол Таулы-Бадахшан автономды облысының Ишкашим елдімекенінде туып, Душанбеде өскен. Ага Хана даму қорының көмегімен Қырғызстанға оқуға түседі. Қазір Бішкектегі қырғыз-славян университетінің аударма факультетінің үшінші курсында оқиды.

XS
SM
MD
LG