Ссылки доступа

Тәжікстан президентінің көмекшісі Эмомали Рахмонның қызының қызметке тағайындалуын түсіндірді


Тәжікстан президентінің көмекшісі Содик Шохназаров Озоды Рахмонның Тәжікстан президенті аппаратының жетекшілігіне тағайындалуының заңды екенін мәлімдеді.

2 ақпан күні Душанбеде баспасөз мәслихатын өткізген Шохназаров Озоды Рахмонды тағайындар кезде «Коррупцияға қарсы күрес туралы» заңның 9-бабы бұзылмады дейді.

Бұл 9-бапта мемлекеттік тұлға жақын туысын өзіне тікелей бағынатын қызметке тағайындай алмайтындығы көрсетілген.

Бірақ Шохназаровтың сөзінше, Озода Рахмон өзінің әкесі, елдің президентіне емес, тікелей премьер-министрге бағынады екен.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның 9 баласы — 7 қыз, 2 ұлы бар. Кіші ұлынан басқа балаларының бәрінің отбасылы. Президенттің үлкен ұлы Рустам Эмомали Тәжікстандағы коррупцияға қарсы күрес және мемлекеттік қаржыны бақылау жөніндегі агенттіктің басшысы.

XS
SM
MD
LG