Ссылки доступа

Дамаск мұқтаж жандарға көмек жеткізуге мұрсат берді


Сирия үкіметі Дамаск төңірегіндегі көтерілісшілер қолындағы аудандарға гуманитарлық көмекті жіберуге келісті.

Бұл арада БҰҰ арағайындығымен Женевада басталған бейбіт келіссөздерден әзірге тұшымды нәтиже жоқ. Қызыл Жарты ай ұйымы аль-Таль ауданындағы үш жарым мың отбасына арнап, бірінші кезекте қажет тауарлар мен 25 текше тонна азық-түлік тиеген 14 жүк көлігін жөнелтті.

Швейцариядағы келіссөздерге қатысып жатқан сириялық оппозиция өкілдері қоршаудағы 18 ауданға жүк жеткізілуін талап етуде. Ақпанның 1-нен бастап БҰҰ арнайы өкілі Стафан да Мистура әрбір топпен жеке сөйлесіп жатқаннан бері сириялық әскерлер көтерілісшілерден Алеппоның солтүстігіндегі үш елдімекенді тартып алды. Ресейлік әуе күштерінің қолдауына сүйенген әскердің шабуылға шығуы Женевадағы делегация өкілдерінің ашуын келтіріп, бейбіт келіссөздердің үзілу қаупін тудырып отыр.

XS
SM
MD
LG