Ссылки доступа

Еуроодақ Қырғызстанға жаңа сауда жеңілдіктерін берді


Еуроодақтың Қырғызстанға берген мәртебесі екі жақтың экономикалық байланысының әлеуетін көтереді және Қырғызстанға экспортының көлемі мен түрін көбейтуге, сөйтіп экономикасын өсіруге мүмкіндік береді.

ЕО Қырғызстандағы өкілдігінің хабарлауынша жаңа мәртебе дамушы елдерге арналған жалпыға ортақ жеңілдіктер жүесінің бөлігі боп табылады. Бұл жүйе адам және еңбек құқығы бойынша, тұрақты даму және тиімді мемлекеттік басқаруға арналған негізгі халықаралық конвенцияларды қолданатын елдерге қосымша сауда жеңілдіктерін беруді көздейді.

Жеңілдіктер қатарында алты мың тауар бойынша тарифтерді алып тасталатынын атауға болады. Енді қырғыз экспорттаушылары Еуроодаққа жеміс,өңделген жеміс өнімдері, кептірілген жеміс секілді ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік, темекі, тоқыма, киіз-жүн өнімдерін, киім-кешек, теріден жасалған бұйымдар мен кілемдерді ешқандай алымсыз сата алады.

XS
SM
MD
LG