Ссылки доступа

Ресей мен Тәжікстан бірлескен әскери жаттығуларын өткізеді


РФ қарулы күштері мен Тәжікстанның әскері наурыз айында Таулы-Бадахшан автономиялық облысының шекараға жақын аудандарында парашютті-десант бөлімшелерінің қаттысуымен бірлескен оқу-жаттығуын өткізеді.

Бұл туралы Орталық әскери округ қолбасшысы Владимир Зарудницкийге сілтеме жасай отырып Интерфакс хабарлады.
Оның айтуынша, жауынгерлер таулы жерлерге бекінген содырлармен соғысуды үйренеді. Ең бірінші кезекте террорлық топтарды жою кезіндегі әскерді басқаруды ұйымдастыру жағын пысықтауға көңіл бөлінеді.

В.Зарудницкий оқу-жаттығу шарасына Ресей мен Тәжікстанның мың жарымға тарта әскериі мен 500 ге жуық техника қатысатынын мәлімдеді.

ОӘО қолбасшысы биылға бірнеше халықаралық әскери оқу жоспарланғанын хабарлады. Жақында құрылған таулы атқыштар бригадасы тұңғыш рет Қызылдан Бішкек түбіне жетуді тәжірибе күйінде пысықтайды.

Тамыз айында самарлық мотоатқыштар бригадасы ҰҚКҰ бітімгерлік күштерімен бірге Белоруссияда өтетін бірлескен жаттығуларға қатысады.

XS
SM
MD
LG