Ссылки доступа

Мәскеу Сириядағы соғысты өршітіп отырғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды


Мәскеу өзін Сириядағы соғысты өршітіп отырғаны туралы айыптаған Лондонның әрекетін "қауіпті жалған мәліметтерді тарату" деп атады.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммондтың Ресей Батыстың Сириядағы азамат соғысын тоқтатуға күш салған әрекетін зая кетіруде деген пікіріне осылай жауап берді.

Reuters агенттігіне берген сұхбатында британ министрі ресейлік әскери әуе күштері тек президент Башар Асадты қолдауға күш салатынын, соның салдарынан терроршыл топтардың күшейіп, ал әскери қақтығыс аймағынан қашқан босқындар санының көбейіп бара жатқанын айтқан еді. Хэммондтың пікірінше, мұның бәрі Мәскеу жариялаған мақсаттарға кереғар келеді.

Британ министрі ресейлік әуе соққыларының 30 пайыздан аз бөлігі «Ислам мемлекеті» тобымен байланысты нысандарға бағытталған. Соққының басым бөлігі үкіметтік әскермен соғысып жатқан оппозиция күштеріне қарсы жасалуда.

Мәскеу ресми түрде ресейлік ұшақтардың Сириядағы «терроршылардың шептеріне» дәл соққы беріп жатқаны туралы мәлімдеп келеді. Алайда гуманитарлық ұйым өкілдері бұл шабуылдардан бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын хабарлауда.

XS
SM
MD
LG